Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Есірткімен күрес күшейді

Есірткімен күрес күшейді
Автор
Облысымызда 1 маусым мен 31 қазан аралығында «Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері 272 есірткі құқықбұзушылығын анықтады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69 дереккке көп.

Заңсыз айналымнан 8 тонна 587 келі түрлі есірткі заты тәркіленді. Оның ішінде 4 тонна 179 келі кептірілген марихуана, 4 тонна 248 келі каннабис өсімдігі, 29 келі гашиш, 9 келіден астам синтетикалық есірткі бар.

Жыл басынан бері Шу аңғарынан еліміздің басқа өңірлеріне есірткі тасымалдаудың 16 арнасы анықталды. Арнайы операциялар барысында 485 келіден астам марихуана мен 129 келі гашиш тәркіленіп, 18 адам қолға түсті.

Облыстық полиция департаменті синтетикалық есірткілердің таралуына қарсы күреске ерекше назар аударуда. Іс-шара барысында 8 күдікті ұсталып, заңсыз айналымнан 9 келіден астам синтетикалық заттар тәркіленді. Сонымен қатар Ресей Федерациясының екі азаматы синтетикалық есірткі өндіретін жерасты зертхананы ұйымдастырғаны үшін ұсталды. Тінту кезінде 8 келі мефедрон, 2 тоннадан астам прекурсор және арнайы құрал-жабдықтар анықталды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері 6 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Олар трамадол дәрілік препаратын заңсыз сату және таратумен айналысқан.

«Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жалпы ауданы 6 417 гектар жердегі жабайы өсетін 3 919 тоннадан аса қарасора алқабы шабылып, жойылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есе көп.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар