Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ербол Қарашөкеев тараздық жас айтыскер ақын Інжу Жаңабаймен кездесті

Ербол Қарашөкеев тараздық жас айтыскер ақын Інжу Жаңабаймен кездесті
Жамбыл облысының әкімдігі
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы, жас айтыскер ақын Інжу Жаңабаймен кездесті, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл басқосу өнерлі өреннің «Жасанды интеллект дәуіріндегі жасампаз жастар» атты оқушылар арасындағы республикалық айтыста бас жүлде – «Қола домбыраны» иеленуімен, сондай-ақ «Ақберен» шығармашылық байқауында жеңімпаз атануымен байланысты ұйымдастырылды.

– Бұл жетістік – сіздің табиғи дарыныңыздың, табанды еңбегіңіздің және өнерге деген сүйіспеншілігіңіздің айқын көрінісі. Қазақтың киелі айтыс өнерін жаңғыртып, ұлттық руханиятқа өзіндік үлес қосып келе жатқаныңыз – біз үшін үлкен мақтаныш. Өнер мен білімді қатар алып, сөз өнерінің биігін бағындыруға ұмтылып келе жатқаныңыз алда әлі талай асуларды көрсетеді деп сенемін, – деді өңір басшысы.


Кездесу барысында облыс әкімі жас ақынның өнер жолындағы таланты мен ынтасын шыңдауға атсалысқан ата-анасы мен ұстаздарына да алғыс білдірді.

Өз кезегінде Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Інжудің әкесі әрі ұстазы Есет Досалы көрсетілген құрмет пен қолдау үшін ризашылығын жеткізді.

Ал облыстық айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер орталығының директоры Ахметжан Өзбеков айтыс өнеріне қызығушылық танытқан жастардың қатары жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар