Жаңалықтар
Маңғыстаулық азаматтың жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылды
- author AR-AY
- Бүгін, 17:43
- 1
Біздің елде сот үкімі негізінде кінәлі деп танылып, темір торға тоғытылған кейбір азаматтардың жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыруына мүмкіндік берілген.
ЭЯғни, жазасын өтеушілер айыппұл төлеу арқылы еркіндікке жолдама ала алады. Бұл туралы қолданыстағы Қылмыстық Кодекстің 73-бабында көрсетілген.
Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінен дәл осындай тәртіппен маңғыстаулық азамат босатылды. Ер адам 2021 жылы Жетісу аудандық сотының шешімі негізінде кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған еді.
Бұл күні мекеме аумағында «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік іс-шарасы ұйымдастырылып, онда ҚАЖ қызметкерлері сотты болған азаматқа бостандықтағы құқықтары мен міндеттерін кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ оған қайта қылмысқа бармауы жөнінде қатаң ескертілді.


