Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жастар арасында құмар ойынның алдын алу мәселесі талқыланды

Жастар арасында құмар ойынның алдын алу мәселесі талқыланды
Автор
Ағымдағы жылда Қаратау қаласы «Қаратау-құрылыс технология» колледжінде «Жастар арасында құмар ойынның алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Кездесудің басты мақсаты - жастар арасында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, оның зиянды салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру және бос уақытты тиімді ұйымдастыруға бағыт беру болды.

Кездесуге Талас АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты Өтеміс Айдос Әуесханұлы қатысып, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, оның ішінде құмар ойындарға тәуелділіктің салдары туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында маман құмар ойындардың адам өміріне тигізетін кері әсері, оның әлеуметтік және қаржылық қиындықтарға алып келетіні туралы айтып өтті. Сонымен қатар, заң аясындағы жауапкершілік мәселелеріне тоқталып, нақты мысалдар келтірді.
Кездесу соңында жастарға зиянды әдеттерден аулақ болып, білімге, спортқа және пайдалы істерге көңіл бөлу қажеттігі түсіндірілді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар