Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы жаңа жасанды интеллект жүйелері таныстырылды
- author AR-AY
- 10 қараша, 2025
- 166
Бас прокуратурада Шымкент қаласыпрокуратурасының отандық IT-әзірлеушілермен бірлесіп құралған есірткі қылмысына қарсы күреске арналған екі инновациялық құрал - «CryptoTrace» және «ProkAi» таныстырылды.
Бас прокурордың айтуынша, бұл жобалар Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» идеологемасын жүзеге асыру аясында әзірленіп, прокуратураның теңгеріміне өтеусіз берілген.
«CryptoTrace» – қаржы транзакцияларын талдау арқылы есірткі бизнесіне қатысты ақшалай ағындарды анықтауға мүмкіндік беретін жаңа буын іздеу жүйесі.
Ал «ProkAi» – интернеттегі есірткі саудасын автоматты түрде анықтайтын жасанды интеллект платформасы. Ол тәулік бойы жұмыс істеп, кәсіби маман орындайтын талдау көлемін ондаған есе арттыра алады.
Жүйе іске қосылған алғашқы үш айда 2 000-нан астам дроппер шоты анықталған. Тергеу барысында барлығы 15 мыңнан астам қазақстандық және шетелдік шоттар, оның ішінде 620 криптовалюта әмияны тіркелді. Жүзден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар 5 млн USDT мөлшеріндегі заңсыз айналымдағы активтерге қатысты деректер нақтыланған.
Асыловтың айтуынша, бұл жүйелер құқық қорғау ресурстарын оңтайландырып, қылмыстардың алдын алу мен тергеп-тексеруді жеделдетуге мүмкіндік береді. Бағдарламалар алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде енгізілмек.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда U15 және U23 санаттары арасында Қазақстан чемпионаты басталды
- авторAR-AY
- 9 наурыз, 2026
Таразда референдум қарсаңында спорт пен өнер тоғысқан мерекелік шара өтті
- авторAR-AY
- 7 наурыз, 2026




