Аудан бойынша есепті кезеңде барлығы 26 сенбілік ұйымдастырылып, оған 10 мыңнан аса адам қатысты. Сондай-ақ тазалық жұмыстарына 150-ден аса техника тартылып, 690 тонна күл-қоқыс қала аумағынан тыс арнайы орындарға шығарылды.
Сенбіліктерде аудан аумағына қарасты көшелер мен арық жүйелері, саябақтар мен қоғамдық орындар тазаланды. Аудан аумағындағы ағаштарды санитарлық бұталау жұмыстары тұрғындардан түскен өтініштер негізінде жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар «Жамбыл Су», қалалық тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі, құрылыс бөлімдері тарапынан 20 көшеде бейберекет жиналған 2 000 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Аталған жұмыстар аудан тазалығын сақтауға үлкен септігін тигізді.
Келесі кезекте «Жібек жолы» ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова тазалық жұмыстарының барысына тоқталды.
Ауданда санитарлық тазалықтың екі айлығы аясында 8 сенбілік өткізілді. Тазалық шараларына 6 мыңнан астам адам қатысып, қыркүйек айының басынан бері жалпы көлемі 1 200 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Шаһар басшысы өз кезегінде аудандардың тазалығы бойынша әкімдерге зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстарды әрдайым назарда ұстау керектігін айтты.
Кеңесте 2025 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысымен Тараз қаласы бюджетінің орындалуы, мемлекеттік сатып алу конкурстарының өткізілу барысы, абаттандыру жұмыстары, әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру, өңірлік картаның іске асырылуы, тұрғын үй құрылысы мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту нысандарының жай-күйі туралы мәселелер жан-жақты қаралып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.
Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы




