Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ерлік жасаған полицейлер өртеніп жатқан пәтерден үш баланы құтқарды

Ерлік жасаған полицейлер өртеніп жатқан пәтерден үш баланы құтқарды
24.kz
Ұлытау облысында полицейлер өртенген үйдің терезесінен балаларды алып шықты, деп хабарлайды arainfo.kz

Сәтбаев қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында өрт шықты. Сол маңда кезекшілік атқарып жүрген патрульдік полиция қызметкерлері Әсет Абдуакитов пен Нұрболат Нұрғабыл пәтердің терезесінен шыққан жалынды байқап, бірден көмекке ұмтылған.

Сол сәтте көмек сұрап шыққан тұрғын пәтер ішінде кәмелетке толмаған үш баланың қалып қойғанын айтқан. Полицейлер еш ойланбастан үйге кіріп, төсектің астында жасырынған бір баланы тауып, қауіпсіз жерге шығарған.

Алайда екінші бөлмеге өтпек болғанда төбені шарпыған от олардың жолын бөгеген. Сол кезде тәртіп сақшылары сыртқа шығып, терезенің торын жұлып алып, қалған екі баланы терезе арқылы сыртқа шығарып, аман алып қалды.

Өрт сөндіру қызметі дереу оқиға орнына жетіп, жалын толықтай ауыздықталды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында үш баланың өмірі аман сақталды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар