18 қазан –Қазақстан Республикасындағы Рухани келісім күніне орай, «Адамның рухани жетілуіндегі діннің алатын орны қандай»?атты кездесу ұйымдастырылып, оған Жамбыл облыстық діни басқармасы мамандары қатысты.
Кездесу барысында Дін – қоғамның рухани өмірінің маңызды саласы. Дін қай халықтың болсын мәдениетінің рухани негізі. Дін адамдардың жеке сеніміне қатысты десекте оның белгілі әлеуметтік топтарда және қоғамда алатын орны ерекше.

Мамандар дін - адам тарихының үлкен тағылым-тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі. Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінде діннің алатын орны зор. Өйткені, дін - имандылықтың, әділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, көпшілдіктің, төзімділіктің кепілі жайлы өз ойларымен бөлісті.
Кездесу қатысушылары бір ауыздан:рухани келісім- еліміздің тұрақтылығы мен дамуының кепілі деген тұжырымға келіп, осындай игі бастамаларды маңыздылығын атап өтті.




