Бір айға жуық облыс көлемі бойынша іріктеліп келген 150-ге жуық жасөрендер “Тараз Арена” спорт кешенінде өз-ара кіммықтыны анықтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ертең әскер қызметінде бір күндік кездесулерде болады.
Киелі Тараз шахарында бастау алған спорттық-патриоттық бағыттағы ауқымды тың жобасын, Салемов Серік Жақсылықұлы - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары өз құттықтау сөзімен ресми түрде ашып берді.

Солтыбаев Еркінбек Бейсенбекұлы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы жас батырларға ақжол тілеп ақбатасын берсе.
Жамбыл облысының жауынгерлік өнер ассоциациясының президенті Нукенов Құрмет Үмітханұлы да болашақ сарбаздарға сәттілік тілеп. Осы аталған спорттық-патриоттық жобасына тікелей қолдау көрсеткен Жамбыл облысының әкімі Қарашукеев Ербол Шырақпайұлына ел атынан шынайы алғыс білдіреміз, деді өз сөзінде Құрмет Үмітханұлы.
Өр-рұхты қарулы мықты білімді жан-жақты жалынды жастарымыз көп өссін, елімізде!
Ел аман жұрт тыныш болсын.
Қазақ елі жасасын бірлігі мен ынтымағы жарасқан!

Жамбыл облысы жауынгерлік өнер
ассоциациясының баспасөз қызметі.
Жамбыл облысы




