Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінде елдік мақтаныш пен азаматтық жауапкершілікті оятатын айрықша мереке. Бұл – ел тарихын терең танып, болашағымызға берік сеніммен қарауға мүмкіндік беретін күн.
Бүгінгі күні халқымыз берекелі бірлік пен бейбіт өмірдің арқасында тұрақты дамып, халықаралық аренада беделі артып келе жатқан қуатты мемлекетке айналды. Еліміздің жеткен жетістіктері – барша азаматтардың тынымсыз еңбегі мен ауызбіршілігінің жемісі.
Мемлекеттілікті нығайту жолында атқарып жатқан әрбір ісіміз – тәуелсіздігімізді баянды етудің, ел ертеңіне үлес қосудың нақты көрінісі.
Осы айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, елімізге тыныштық пен гүлдену тілейміз!
Мерекеміз құтты болсын! Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Айбек ҚАДЫРАЛИЕВ,
облыстық жастар ресурстық орталығының директоры




