Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ел өміріндегі ерекше белес

Ел өміріндегі ерекше белес
Автор
2022 жылдан бастап 25 қазан – еліміздің ұлттық мерекесі, Республика күні ретінде кеңінен аталып өтуде. Бұл күн – Қазақстанның жаңа тарихындағы ерекше белес. Себебі 1990 жылы дәл осы күні қабылданған Қазақ ССР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация ел тәуелсіздігінің бастауы, азаттыққа бастар алғашқы қадам болды.

Республика күні – халқымыздың сан ғасырлық арман-мұратын жүзеге асырған, елдік пен бірліктің символына айналған мереке. Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жанқияр ерлігі мен өр рухының нәтижесі. Біз сол ұлы мұраны көздің қарашығындай сақтап, оны нығайту арқылы мемлекетіміздің мәңгілік болашағын қалыптастырамыз.

«Республика» ұғымы «халық билігі» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл – еркіндік пен теңдікке, әділет пен жауапкершілікке негізделген басқару формасы. Осындай құндылықтар қоғамдағы мәдени және рухани дамудың өзегіне айналып отыр. Өйткені нағыз тәуелсіз ел – мәдениеті биік, рухы асқақ ел.

Республика күні – елдің саяси тәуелсіздігін ғана емес, рухани еркіндігін, ұлттық мәдениеттің жаңғыруын, өнер мен әдебиеттің өркендеуін бейнелейтін мерейлі мереке. Мұндай маңызы ерек мерекенің тағы бір мәні – ұлттың мәдени құндылықтарын дәріптеп, елдік пен тұтастық рухын ұрпақ санасына сіңіру.

Биыл бұл күнді ұлттық мереке мәртебесінде төртінші рет атап өтеміз. Уақыт өткен сайын Республика күні еліміздің мәдени-рухани бірлігін, азаматтық жауапкершілігін арттыра түсетін ерекше мерекеге айналып келеді.

Еліміздің еңсесі биік, мәдениеті мен руханияты өркендей берсін! Баршаңызға татулық пен береке, шығармашылық шабыт пен жаңа жетістіктер тілеймін!

Ерлан ЖҮНІСБАЙ,

облыс әкімдігі мәдениет және

тілдерді дамыту басқармасының басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар