Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жолбарыстай қайратымның жолдасы!

Жолбарыстай қайратымның жолдасы!
А.Қартабай
Жыр-шашу

Маңдайында — келешектің жазуы,
Тағылымнан тамыр тартқан сөз басы.
Арыстандай арлы жастың азуы,
Жолбарыстай өр ұрпақтың жолдасы –

Ару «AR-AI»,
Ғасырлармен кезігіп,
Айбарланып туа бергей айы оңнан.
Бір заманда Жиреншемен көз іліп,
Сұлтанмахмұт, Мағжан болып оянған –

Жастық жігер,
Ерлігімен ел ертіп,
Бір кезеңде нәубетінен түңілген,
Суханбаев, Сүлейменов боп өтіп,
Қаһарман ұл Қайраттармен тірілген,

Парыз етіп рухтардың талабын!
Жүрегінен орын берген мәңгі ойып.
«AR-AI» солай айқара ашқан парағын,
Шерағаның  батасына қол жайып!

Содан бері болашақ деп бұлқынған,
Тұғырына туралықтан тұнған нұр.
Замандасы,
Заңғар көкке ұмтылған,
От жүректі оғландарға жиырма жыл.

Абыройыңның асқақтасын айға аты,
Ару «AR-AI»,
Самұрықтай самғасы.
...Арыстандай айбатымның айнасы,
Жолбарыстай қайратымның жолдасы!

Нұржан ҚАДІРӘЛІ,
ақын, журналист

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар