
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың қазан айының басынан бері әлеуметтік маңызы бар сегіз азық-түлік түрінің бағасы төмендеген, алты тауар бойынша баға өзгеріссіз қалған.
30 қыркүйек пен 7 қазан аралығында баға индексі 0% деңгейінде болды. Пияз – 2,6%, сәбіз – 1,7%, қырыққабат – 1,0%, картоп – 0,8%, күнбағыс майы мен қант – 0,3%, ұн мен күріш – 0,1% арзандаған.
Нан, рожки, тауық еті, айран және тұз бағасы өзгермеген. Ал қарақұмық жармасы, сиыр еті, сары май мен жұмыртқа, сүт және сүзбе сәл қымбаттаған.
Бағаны тұрақтандыру мақсатында өңірлерде баға түзілу тізбегіндегі делдалдарды анықтау жұмысы жалғасуда. Жыл басынан бері 797 отырыс өткізіліп, 2 293 әкімшілік қаулы қабылданған.
Қазір елде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері мен «Береке Fest» жобасы белсенді өтуде. Оған 80 сауда желісіқатысып, әлеуметтік өнімдерге арнайы сөрелер ұйымдастырылған.
Төртінші тоқсанда 1 700 жәрмеңке өткізу жоспарланып отыр. Сауда орындары отандық өндірушілерге тегін беріледі.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды
- авторAR-AY
- 10 қазан, 2025