Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Драма табиғатының тамыршысы» ауызша журналы өтті

«Драма табиғатының тамыршысы» ауызша журналы өтті
Автор
Облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «Драма табиғатының тамыршысы» атты ауызша журнал ұйымдастырылды, деп хабарлайды arainfo.kz

ALEM кәсіби білім колледжінің білімгерлерінің қатысуымен жазушы, ғалым, әдебиет зерттеушісі, сыншы Рымғали Нұрғалиұлының 85 жылдығына арналған «Драма табиғатының тамыршысы» атты ауызша журнал ұйымдастырылды.

Шараға Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Меңдібай Әбілұлы Әбілов арнайы шақырылды. Ол студенттерге Рымғали Нұрғалидың өмірі мен шығармашылық жолы туралы баяндап, әдебиеттегі еңбектеріне жан-жақты тоқталды.

Кездесу сұрақ-жауап форматында өтіп, білімгерлер қазақ драматургиясының дамуына үлес қосқан қаламгер жайлы тың мәлімет алды.

Іс-шараның мақсаты – көрнекті жазушының шығармашылығын дәріптеп, жастарды ұлттық әдеби мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу болды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар