Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы өтті

Таразда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы өтті
Автор
Облыс әкімі тараздықтармен бірге тал егу шарасына қатысты, деп хабарлайды arainfo.kz

Бүгін Тараз қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жаппай тал егу шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты – өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту, жасыл желекті көбейту және тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастыру.

Акцияға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері мен еріктілер қатысты.

Шара барысында «Қызыл-Абад» алқабында жалпы саны 10 мың түп тал егу жоспарланған. Көшет отырғызу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Ал егілген талдардың күтімі мен суару жұмыстары «Жасыл Ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүктелді.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы тал егу шарасы 15 қарашаға дейін жалғасады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар