
Қазақстандық кәсіпкер Дана Қарағұсова тарихта алғаш рет ғарышқа ұшқан қазақ әйелі атанды, деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақстандық кәсіпкер Дана Қарағұсова тарихта алғаш рет ғарышқа ұшқан қазақ әйелі атанды. Ол Blue Origin компаниясының New Shepard бағдарламасы аясындағы суборбиталық сапарға қатысты.
Зымыран АҚШ-тың Техас штатынан Астана уақытымен 18:40-та ұшып, 107 шақырым биіктікке көтерілді. Ұшу уақыты 10 минуттан асты.
Экипаж құрамында Қарағұсова мен тағы бес жолаушы болды. Миссия эмблемасында Қазақстан таулары бейнеленіп, оның туған жеріне құрмет көрсетілді.
Осы оқиғамен Дана Қарағұсова Қазақстаннан шыққан алғашқы ғарыш турист әрі ғарышты бағындырған тұңғыш әйел ретінде ел тарихына енді.