Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Полиция интернет-алаяқтардың нысанына автокөлік иелері іліге бастағандығы туралы ескертті

Полиция интернет-алаяқтардың нысанына автокөлік иелері іліге бастағандығы туралы ескертті
istockphoto.com
Polisia.kz мәліметінше, соңғы уақытта интернет-алаяқтар автокөлік иелерін нысанаға ала бастаған, деп хабарлайды arainfo.kz

Олар жүргізушілерге электронды пошта немесе мессенджерлер арқылы жалған айыппұл туралы хабарламалар жолдайды. Хатта көлік нөмірі, жеке деректер және «төлем жасауға арналған» сілтеме көрсетіледі.

Алматы қалалық ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаевтың айтуынша, бұл – фишингтік шабуыл. Азамат сілтеме арқылы банк картасының деректерін енгізген жағдайда, қаскөйлер оның есепшотына қол жеткізеді. Кейбір жағдайларда вирустық бағдарламалар да тарайды. Мұндай алаяқтық АҚШ пен Ресейде тіркелген, енді Қазақстанда да таралу қаупі бар.

Полиция ресми айыппұл туралы хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен жіберілетінін еске салады. Олар ешқашан төлем жасауға арналған сілтемелерді қамтымайды.

Айыппұлдарды тек egov.kz, qamqor.gov.kz сайттарынан немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексеруге болады.

Егер күмәнді хабарлама алсаңыз:

  • бейтаныс сілтемелерге өтпеңіз, тіркелген файлдарды ашпаңыз;
  • ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз;
  • карта деректерін енгізіп қойған болсаңыз, дереу картаңызды бұғаттап, банкке және полицияға («102») хабарласыңыз.

Сақ болыңыздар және жақындарыңызды да ескертіңіздер!

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар