Салтанатты рәсімге аудан әкімі Ермек Карентаев қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.
Ауыл ақсақалдары спорт кешенінің лентасын қиып, елге ақ баталарын берді.
– Бүгінгі күн – барша ауыл үшін тарихи сәт. Жаңа кешен – мемлекеттің қолдауының, ел бірлігінің және жастарға деген қамқорлықтың айқын көрінісі, – деді Бөгенбай Бидасбаев.

Кешен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынды. Жобаның жалпы құны – 359,2 млн теңге. Екі қабатты ғимаратта балалар мен жасөспірімдер күрес, бокс, футбол, баскетбол және волейбол секілді спорт түрлерімен айналыса алады.
Аудан әкімдігінің дерегінше, бүгінде Мойынқұмда 154 спорт нысаны бар. Олардың қатарында 3 спорт кешені, 1 орталық стадион, 32 спорт залы және 118 спорт алаңы бар. Жаңа нысанның ашылуы нәтижесінде спорт инфрақұрылымымен қамту деңгейі 76,2 пайызға жетті. Ал аудан тұрғындарының 41,9 пайызы тұрақты түрде спортпен айналысады.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді
- авторAR-AY
- 15 қараша, 2025




