Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Даму парадигмасын айқындаған бағдарламалық құжат

Даму парадигмасын айқындаған бағдарламалық құжат
Автор
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы еліміздің даму бағытын айқындаған маңызды құжат болды.

Жолдау аясында әлеуметтік-экономикалық мәселелермен қатар, заманауи технологияларды енгізу негізгі басымдық ретінде белгіленді.

Жолдауды тек есеп немесе бастамалар тізімі ретінде ғана қарастыруға болмайды. Бұл мемлекетте болып жатқан ауқымды өзгерістерді көрсететін және болашаққа жаңа бағдарлар белгілейтін бағдарламалық құжат.

Әрине, ең бастысы – саяси реформаларды жалғастыру, Сенат өкілеттігін референдум арқылы тоқтату.

Парламентті реформалау және бір палаталы жүйеге көшу туралы ұсыныс ерекше назар аударуға тұрарлық. Қасым-Жомарт Тоқаев мәселе тек референдум арқылы шешілуі тиіс екенін атап өтті. Бұл маңызды сәт: билік тағдырлы шешімдерді кулуарлық емес, халықтың қатысуымен қабылдау керектігін көрсетіп отыр.

Мұндай реформаның кемінде үш негізгі артықшылығы бар:

Біріншіден, әлем елдерінің шамамен үштен екісі бір палаталы жүйеге негізделген. Яғни, бұл қадам Қазақстанды халықаралық тәжірибеге жақындатады.

Екіншіден, шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Екі палата орнына бір палата болғандықтан, мемлекеттік шығын азаяды. Бұл қазіргі жағдайда өте маңызды.

Үшіншісі, ең бастысы – заң шығару процесі жеңілдеп, жылдамдайды. Қос палаталы жүйеде заң жобасы алдымен бірінші палатада қаралып, содан соң екіншісіне жіберіледі. Егер пікір қайшылығы туындаса, оны шешуге уақыт кетеді. Ал бір палаталы жүйеде заңдарды жедел қабылдау мүмкіндігі артып, мемлекеттік басқарудың тиімділігі күшейеді. Бұл – ең маңызды артықшылық.

Президент жаһандық сын-қатерлер мен тұрақсыздыққа қарамастан, Қазақстан алға жылжуы тиіс екеніне баса назар аударды. Ол биліктің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз ету миссиясын нақты белгіледі.

Негізі Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына Жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллект мәселесі ең көп қамтылған тақырыптың бірі болды.

Жалпы цифрландыру саласында Қазақстанның кейбір елдермен салыстырғанда оқ бойы озық екені де анық. Бұл өз кезегінде мемлекеттің технологиялық тұрғыда тез дамуына оң әсер етеді.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы шешім ерекше назар аударды. Бұл жай ғана жаңа құрылым емес – бұл бүкіл қоғамға сын-қатер және сигнал: Қазақстан цифрландыру мен инновациялар абстрактілі ұранға айналмайтын және күнделікті өмірдің бір бөлігі болатын елге айналуға ниетті.

Бір сөзбен айтқанда 2025 жылғы Жолдау – Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі ұлттық даму парадигмасын айқындаған бағдарламалық құжат. Онда экономикалық әртараптандыру, цифрлық технологияларды институционалдандыру, әлеуметтік салаларды реформалау және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету секілді стратегиялық басымдықтар белгіленген.

Бұл Жолдау елді инновациялық даму траекториясына бағыттап, Қазақстанның XXI ғасырдағы жаһандық сын-қатерлер жағдайында тұрақты дамушы мемлекет ретінде орнығуына ғылыми-теориялық негіз қалайды.

Эльмира АБДИН,

Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық

ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар