Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тыныштыққа ешнәрсе жетпейді

Тыныштыққа ешнәрсе жетпейді
Автор
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағытын айқындап қана қоймай, саяси реформалардың жаңа кезеңіне жол ашты. Мемлекет басшысы ел алдында тұрған негізгі міндеттерді атап өтіп, ұлттық дамудың стратегиялық басымдықтарын жариялады.

«Цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде мемлекетіміздің ұлттық стратегиялық мүддесіне сай келетін теңгерімді әрі сындарлы сыртқы саясаты әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан орнықты дамуымызға зор ықпал етеді деп сенемін! Көптеген мемлекет Қазақстанмен достық қатынас орнатып, тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылады. Мұның өзі, бірінші кезекте, еліміздің халықаралық аренадағы абырой-беделі жоғары екенін және өзгелер бізбен санасатынын көрсетеді. Біз маңызды халықаралық проблемаларды шешуге өз үлесімізді қосып келеміз. Қазақстанмен қарым-қатынас орнатуға мүдделі алыс-жақын елдердің бәрімен ынтымақтастығымызды бағалаймыз», – деген Президентіміз жуырда Қытайға ресми сапармен барғанын, онда мәңгі стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқан екіжақты қарым-қатынастың барлық мәселелері бойынша табысты келіссөздер өткенін жеткізді.

Сондай-ақ жыл соңына қарай Ресей және Өзбекстанға баратынын, Астанада Әзербайжан, Армения, Түрікменстан басшыларын қарсы алуға дайындық жүргізіліп жатқанын, бұған қоса Азия, Еуропа, Африканың бірқатар мемлекет басшыларымен кездесіп, келіссөз жүргізу жоспарында бар екендігін айтты.

Расымен де түрлі ақпарат көздерінен көріп-біліп отырғанымыздай, қазір Қазақстан-АҚШ арасындағы тұрақты қарым-қатынас белсенді жалғасып келеді. Еуропа одағымен де салалы, сапалы байланыстар күшейтіліп жатыр.

Сондай-ақ Президент Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты органы – Қауіпсіздік Кеңесін реформалайтын кездің жеткенін мәлімдеді. Және Біріккен Ұлттар Ұйымына әлі күнге дейін еш балама жоқтығын, Қазақстан – оның маңызды халықаралық мәселелердің бәрін әділ шешу жолындағы негізгі келіссөз орны болып қала беру керектігін ерекше атап өтті.

Қазақстан бірнеше ұлт пен ұлыстың басын бір шаңырақ астына біріктіріп отырған татулықты ту еткен ел болғандықтан, Мемлекет басшысының бұл қағидасын толық құптаймын. Тыныштыққа ешнәрсе жетпейді. Ана мен баланың жылауы, ер-азаматтың мерт болуы, қара түнек соғыс кімге опа берді?! Аспанымыз ашық, ел іргесі бүтін болса, бірлік пен келісімді арқау етіп, бар қиындықты жеңуге болады.

Президентіміз айтқандай, барлық елдер бейбіт өмірде берекелі өсіп-өркендеу үшін бейбітшілікті сақтап, ортақ мәмілеге келе білуі керек.

Мүбарак ЖИНАҚБАЕВА,

«Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар