Мемлекеттік рәміздерді пайдалану және қолдану бойынша облыстық семинар өтті
- author AR-AY
- 25 қыркүйек, 2025
- 49

Семинарға жергілікті атқарушы органдар, бөлім және мекеме басшылары, білім және мәдениет мекемелерінің өкілдері, барлығы 200-ден астам адам қатысты.
Облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бас маманы Ш. Қашқынбек ҚР Мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану және қолдану, мемлекеттік ұйымдарда бірінші басшыларының дербес жауапкершілігін арттыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, әдістемелік көмек көрсетті.
«Өскелең ұрпақ бойында отансүйгіштік қасиетті арттыру, патриоттыққа тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Бұл ретте, мемлекеттік рәміздердің алатын орны өте зор. Рәміздеріміз – әрбір мемлекеттік айшықты белгісі, тәуелсіздігіміздің тұғыры болып саналады. Осы бағытта Тараз қаласы әкімдігімен бірлесіп мемлекеттік мекеменің жауапты мамандарына семинар өткізілді. Облыста мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуы мен қолданылуы тұрақты бақылауда. Облыс әкімдігі жанынан құрылған комиссия тұрақты жұмыс жасайды. Жыл сайын облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы тарапынан Тараз қаласы мен аудандардағы мекемелерге зерделеу жүргізіледі. Комиссия отырысы жылына 2 рет өткізіліп, зерделеу нәтижесі қаралады. Анықталған кемшіліктер бойынша шара қолданылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі» - деп атап өтті Ш. Қашқынбек.
Сондай-ақ, семинар барысында «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңы, ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы №873 қаулысы және өзге де Заңнама нормалары түсіндірілді.
«Заңнама талаптарына сәйкес, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда Ту мен Елтаңба тігіліп, Мемлекеттік Гимннің мәтіні орналастырылады. Тәуліктің қараңғы мезгілінде мемлекеттік рәміздер міндетті түрде жарықтандырылуы тиіс. Стандарт талаптарына сәйкес келмейтін Рәміздер бір күннің ішінде ауыстырылуға жатады. Мемлекеттік Рәміздерді заңнама талаптарын бұза отырып пайдалану ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 418 және 458 бабы, Қылмыстық кодекстің 372 баптарымен айыппұл және өзге де шаралар қабылдауға алып келеді» - деп атап өтті Ш. Қашқынбек.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда мас күйде автобус жүргізген азамат жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды
- авторAR-AY
- 25 қыркүйек, 2025