Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Ұстазыңды құттықта!»: жаңа челлендж ел бойынша бастау алды

«Ұстазыңды құттықта!»: жаңа челлендж ел бойынша бастау алды
Автор
Қазақстанда 25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында «Ұстаз – ұлт шамшырағы» онкүндігі өтеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Оның аясында өңірлерде күн сайын педагогтерге арналған мерекелік және тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл бастама педагог мәртебесін көтеруге, ұстаз мамандығын кеңінен насихаттауға, оның қоғамдағы ерекше рөлін баса көрсетуге бағытталған.

 

Ұстаздық - мамандық қана емес, ұлы миссия. Педагогтер өскелең ұрпақты тәрбиелеп, ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастырады, әр баланың өз жолын табуына көмектеседі. Қазіргі таңда еліміздегі 22 мыңнан аса білім беру ұйымында 6 миллионға жуық оқушыға 600 мыңнан астам педагог білім беруде.

Оқу-ағарту министрлігі бұл жолы «Ұстазыңды құттықта!» атты челленджді жариялады. Оған кез келген адам қатыса алады. Ол үшін әлеуметтік желілерде #Ұстазыңдықұттықта және #ПоздравьУчителя хэштегтерімен құттықтау жариялау, ұстазға қоңырау шалып жылы лебіз білдіру немесе хат жолдап естеліктермен бөлісу жеткілікті.

Айта кетейік, 2023 жылдан бері Қазақстанда Ұстаздар күні ресми түрде 5 қазанда аталып өтеді. Бұл күні ұстаз еңбегін ұлықтауға арналған түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар