Жаңалықтар
Таразда мас күйде автобус жүргізген азамат жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды
- author AR-AY
- 25 қыркүйек, 2025
- 40

Медициналық сараптама оның алкогольдік масаң күйде екенін растады, деп хабарлайды arainfo.kz
Таразда «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 17-бағыттағы «ZHONG TONG» маркалы автобусты тоқтатты. Тексеру кезінде 55 жастағы жүргізушінің мас күйде көлік басқарғаны анықталды.
Медициналық сараптама оның алкогольдік масаң күйде екенін растады. Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындарға мас күйде көлік жүргізудің адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін және заң бойынша қатаң жазаланатынын ескертті.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану және қолдану бойынша облыстық семинар өтті
- авторAR-AY
- 25 қыркүйек, 2025