Қазақстанда әншілерге фонограммамен ән айтуға тыйым салынды
- author AR-AY
- 25 қыркүйек, 2025
- 135
Қазақстанда 200 адамнан жоғары сыйымдылығы бар мәдени-бұқаралық іс-шараларда әншілердің фонограммамен өнер көрсетуіне тыйым салынады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ринат Зайыт мәлімдеді. Мәжіліс отырысында тиісті заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.
Депутаттың айтуынша, егер алаң арнайы техникалық жабдықталмаған болса, фонограмма қолдануға рұқсат етіледі. Ал үлкен концерттерде көрерменнің құқығы бірінші кезекте сақталуы тиіс.
«25-50 мың теңгеге билет алған көрермен аузын жыбырлатқан әншіні емес, оның дайындық деңгейін көруге құқылы», – деді Ринат Зайыт.
Заңды бұзған жағдайда мәдени іс-шара ұйымдастырушылары жауапкершілікке тартылады. Алдын ала болжам бойынша айыппұл көлемі 1000 АЕК мөлшерінде белгіленбек.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай тұлғатану шарасы өтті
- авторAR-AY
- 11 қараша, 2025




