Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Кәсіпкерлер үшін жаңа жеңілдік: шоттарды автоматты бұғаттау алынып тасталады

Кәсіпкерлер үшін жаңа жеңілдік: шоттарды автоматты бұғаттау алынып тасталады
istockphoto.com
Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, жаңа Салық кодексінде кәсіпкерлердің банктік шоттарын автоматты бұғаттау тәжірибесі алынып тасталады, деп хабарлайды arainfo.kz

Оның орнына алдын ала камералдық тексеру енгізіледі. Бұл бизнеске қызметін тоқтатпай-ақ анықталған кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік береді.

«Бұл өзгерістер кәсіпкерлердің жұмысын едәуір жеңілдетеді. Салық есептілігін азайтып, қағазбастылықты қысқартады. Шоттарды бұғаттаудан бас тарту – мемлекет пен бизнес арасындағы әділ әрі ашық қарым-қатынасқа жасалған маңызды қадам», – деді Мәди Такиев.

Жаңа кодекс азаматтарға да жеңілдіктер ұсынады: зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады, 10 жылдан асқан автокөлікке салынатын салық төмендетіледі, мүгедектігі бар азаматтар үшін шегерімдер кеңейтіледі, әлеуметтік маңызы бар медициналық қызметке ҚҚС жеңілдігі қарастырылған.

Ал бизнес үшін арнайы салық режимі оңтайландырылып, үш түрі ғана қалады: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, шағын бизнеске арналған жеңілдетілген декларация және фермерлер үшін. Сондай-ақ ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 70 млн теңгеден 40 млн теңгеге дейін төмендетіледі.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар