Жаңалықтар
Қазақстанда тұңғыш рет мектеп оқушысына «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді
- author AR-AY
- 19 қыркүйек, 2025
- 226
Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz
Астана қаласындағы №70 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Аңсат Алдияр Исатайұлына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағына ие болды.
Бұл мәртебелі марапат елімізде мектеп оқушысына алғаш рет беріліп отыр.
Жас шахматшы Алдияр Қазақстан спортының мақтанышы. Ол әлемдік деңгейдегі түрлі беделді додаларда қарсыластарын шаң қаптырып, талай рет жеңімпаз атанды. Әлем чемпионаттары мен халықаралық турнирлерде топ жарып, еліміздің атын танытып, көк туымызды биікте желбіреткен жас әлем чемпионы.
Келесі мақала
Қаракөз қыздарға айтарым бар
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Соңғы екі жылда су шаруашылығына 579 млрд теңге инвестиция тартылды
- авторAR-AY
- 19 желтоқсан, 2025




