Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бибісара Асаубаева әлемдік шахмат тарихында сенсация жасады

Бибісара Асаубаева әлемдік шахмат тарихында сенсация жасады
365info.kz
21 жастағы қазақстандық гроссмейстер Бибисара Асаубаева Самарқандта өткен беделді FIDE Women’s Grand Swiss 2025 турнирінде үшінші орын алып, ел тарихына енді, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл – отандық шахматшы қыздар үшін аталмыш жарыстағы ең жоғары нәтиже.

Асаубаева соңғы турда украиналық Анна Музычукпен тең ойнап, жалпы 7,5 ұпай жинады. Осы көрсеткіш оған қола медаль мен 25 мың доллар жүлде әкелді.

Турнирде үндістандық Вайшали Рамешбабу (8 ұпай) жеңімпаз атанса, ресейлік Катерина Лагно (8 ұпай) күміс жүлдегер болды.

Қазақстандықтардың өзге нәтижелері:

Меруерт Камалиденова — 6 ұпай, 19-орын

Елназ Калиахмет — 5 ұпай, 37-орын (әйелдер гроссмейстері нормасын орындады)

Ксения Балабаева — 5 ұпай, 40-орын

Бұл табыс Бибісараға 2026 жылғы үміткерлер турниріне жол ашатын маңызды рейтингтік ұпайлар сыйлады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар