Жаңалықтар
Қарағанды облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты
- author AR-AY
- Бүгін, 10:03
- 15

Апат салдарынан автокөлік жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды arainfo.kz
Оқиға 17 қыркүйекте сағат 00:54-те Ақадыр – Қарағанды учаскесінің Жарық-Дария аралығындағы күзетілмейтін реттелетін теміржол өткелінде жолаушылар пойызы мен Mazda маркалы жеңіл автокөлік соқтығысты.
92 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан пойыз машинисі көліктің жолға кенет шығуына байланысты шұғыл тежеу қолданғанымен, соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады.
Апат салдарынан автокөлік жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтып, барлық жүргізушілерді теміржол өткелдеріндегі қозғалыс ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Компания түнгі уақытта апат қаупі жоғары болатынын ескертіп, ерекше мұқият болуға үндеді.