Жаңалықтар
Алматы облысында оқушылар мінген автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты
- author AR-AY
- Бүгін, 16:14
- 13

Алматы облысындағы «Сокол» саяжай қоғамы аумағында оқушыларды тасымалдап бара жатқан жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды arainfo.kz
Полицияның мәліметінше, Hyundai Accent жүргізушісі бұрылыс жасау кезінде автобусқа жол бермей қалған. Салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал оның жолаушысы ауруханада қайтыс болды. Автобустағы балалардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жай анықталуда. Тергеу Алматы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.