Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады
Ақорда
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет басшысына елдегі заң үстемдігінің жай-күйі мен прокуратура органдарының негізгі бағыттар бойынша атқарған жұмысы жөнінде есеп берілді.

Бас прокурор Берік Асылов:

  • Арнайы прокурорлардың мемлекет мүддесіне және азаптауға қатысты аса маңызды, сондай-ақ қоғамда үлкен резонанс тудырған қылмыстық істерді тергеу барысын баяндады.
  • Биыл сотқа 55 қылмыстық іс жолданып, 112 адам сотталды. Қазір 80 іс соттарда қаралуда.
  • Арнайы прокурорлар тексерген істер бойынша 14,4 млрд теңге залал өтелді.
  • Қылмыстық жолмен табылған кірістерді іздестірудің жаңа тәсілдері мен оларды ел экономикасына қайта бағыттау жөнінде мәлімет берді.
  • Қозғалған істер бойынша жалпы құны 105 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды.
  • Тек есірткіге қарсы істердің өзінде шамамен 12 млрд теңгенің активі тәркіленді.

Активтерді қайтару жұмыстары туралы баяндады.

  • Соңғы екі жылда прокуратура органдары арқылы 850 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтарылды. Бұл қаржыға өңірлерде 400-ге жуық әлеуметтік және коммуналдық нысан салу жоспарланған. Бүгінде 60 нысан пайдалануға берілді.
  • Сонымен қатар Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында Бас прокуратура жанындағы ведомствоның атауы өзгеретіні айтылды. Жаңа формат кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқығын қорғауға, инвестиция үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталмақ.

Президент:

Барлық салада заңдылықты қамтамасыз етіп, қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Құқық қорғау және мемлекеттік органдардың алаяқтыққа, есірткі саудасына, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, вандализмге қарсы іс-қимылын тиімді үйлестірудің маңызын атап өтті.

Бизнесті негізсіз қылмыстық қудалауға жол бермеуді қатаң бақылауда ұстауды жүктеді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар