Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тіл – татулық тірегі

Тіл – татулық тірегі
Автор
Облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық форум өтті.

Іс-шара «Ұлт ұстазы» театрландырылған көрінісімен салтанатты түрде ашылды.

Форумның ресми бөлімінде облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай құттықтау сөз сөйлеп, тілдің қоғамдағы маңызына тоқталып, өңірде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосып жүрген тіл жанашырларын марапаттады.

Форум барысында тілге деген құрмет пен азаматтық жауапкершілік жайлы тағылымды ойлар айтылды. Жиынға арнайы шақырылған қонақтар қатарында болған «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бақтияр Бекназаров, облыстық төтенше жағдайлар департаменті Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Карина Карташова, Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияның мұғалімі, көркемсөз оқу шебері, Абай оқулары облыстық байқауының бас жүлдегері Ерлан Нұрланов, сондай-ақ әнші, киноактер Сергей Сымыкин мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісті.

Форумның қалған бөлігінде Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармония өнерпаздарының арнайы әзірлеген концерттік бағдарламасы ұсынылып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сымбат ҚУАНЫШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар