Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкілдері Тараздағы ҚАЖД мекемелеріне барды

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкілдері Тараздағы ҚАЖД мекемелеріне барды
Автор
Жуырда Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев пен өңір бойынша ҰАТ топ жетекшісі Дмитрий Халидов облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесіне барды, деп хабарлайды arainfo.kz

Сапардың негізгі мақсаты – қоныс колониясындағы сотталғандардың тұрмыс жағдайларымен танысып, асхана мен тұрғын жайларды аралады. Сондай-ақ олар қысқа және ұзақмерзімді кездесулерге арналған бөлмелерді көзбен көрді.

Бұл күні Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкілдері бірқатар сотталған азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарына назар аударды. 

Сапар соңында Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкілдері мекеме басшылығына ашықтық танытып, сотталғандардың ұстау жағдайларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді. 

Шын мәнінде, мұндай қадам қазақстандық құқық қорғау саласының дамуына әрі қылмыстық-атқару жүйесінде ашықтық принциптерін қалыптастыруға оң әсерін тигізері сөзсіз.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар