«1000 көшбасшы» жобасы: жаңа буын мектеп директорлары даярлануда
- author AR-AY
- Бүгін, 17:38
- 17

Президенттік жастар кадр резервінің үлгісінде жасалған бұл жоба болашақ басшыларды қызметке тағайындалмай тұрып даярлауға бағытталған.
Қазіргі таңда республикалық кадрлық резервте 583 педагог бар, олардың 400-ден астамы конкурссыз басшылық қызметке тағайындалды. 2025 жылы тағы 400 үміткер оқудан өтуде. Соның нәтижесінде мектеп директорларының тапшылығы үш есеге қысқарған.
Жоба аясында «Келешек мектептеріне» ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде ел бойынша ашылған 150 мектептің 40-ы осы резервистердің басшылығымен жұмыс істеп, жаңа стандарттар мен цифрлық технологияларды енгізіп отыр.
Айта кетейік, тамыз конференциясында «Келешек мектептері» директорларының форумы өтіп, онда білім беру стандарты, жасанды интеллектті пайдалану және мектеп менеджменті талқыланды.