
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Бұған дейін ол атқарған қызметінен босатылды.
Қуанышбек Есекеев 1975 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін және Hult халықаралық бизнес мектебін тәмамдаған. Іскерлік басқару магистрі, физика-математика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы:
1997 ж. – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қолданбалы математика кафедрасында аға оқытушы;
1998–2000 жж. – "Қазақойл" АҚ Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры;
2000–2002 жж. – "Қазақстан темір жолы" РММ департамент басшысы;
2002–2003 жж. – ҚР Қаржы министрлігі және ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Ақпараттандыру департаментінің директоры;
2004–2006 жж. – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары;
2006–2007 жж. – сол агенттіктің төрағасының м.а.;
2007–2010 жж. – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы;
2010–2024 жж. – "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы;
2024 жылғы 10 маусым – ҚР Президентінің кеңесшісі.
2025 жылғы қыркүйек – ҚР Президентінің көмекшісі.