Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды
Ақорда
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.

Руслан Желдібай 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. "Болашақ" бағдарламасының түлегі, 2017 жылы Ұлыбританиядағы Уорик университетінде магистратураны бітірген.

Еңбек жолы:

2011–2012 жж. – "Қазақстан" ұлттық телеарнасында редактор;

2012–2018 жж. – "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер;

2018–2019 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде басқарма басшысы;

2019–2020 жж. – Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары;

2020–2022 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2022 ж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары;

2022–2023 жж. – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы;

2023 ж. қаңтар – қыркүйек – ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы;

2023 ж. қыркүйек – 2025 ж. ақпан – ҚР Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;

2025 ж. ақпанынан бастап – ҚР Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар