Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Полиция электросамокаттарға бақылауды күшейтті

Полиция электросамокаттарға бақылауды күшейтті
istockphoto.com
Тәулік ішінде самокат жүргізушілерінің 800-ден астам, ал жыл басынан бері 16 мыңнан астам құқық бұзушылықтары анықталды, деп хабарлайды arainfo.kz

Алматыда полиция жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында, соның ішінде электросамокаттарға қатысты кең ауқымды рейдтік іс-шаралар өткізді.

Тәулік ішінде самокат жүргізушілерінің 800-ден астам, ал жыл басынан бері 16 мыңнан астам құқық бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде:

  • жол қозғалысына қойылатын талаптарды сақтамау – 489 дерек,
  • жаяу жүргіншілер мен өзге қатысушылардың ережені бұзуы – 237 дерек,
  • ата-аналардың балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуі – 11 дерек,
  • көшені абаттандыру ережелерін бұзу – 47 дерек,
  • қоғамдық орындарды ластау – 23 дерек.

Сонымен қатар тротуар мен жолдарда самокаттарды бейберекет қалдыру фактілері анықталды. Бұл қозғалысқа кедергі келтіргендіктен, 259 самокат арнайы тұраққа қойылды.

Электросамокаттардың шоғырланған орындарында тәртіпті күшейту үшін оператор-компаниялар берген самокаттармен 50 полиция бағыты ұйымдастырылды.

– Профилактика жылы аясында «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстанып, біз жол қозғалысы қауіпсіздігін күнделікті әрі жүйелі бақылауда ұстаймыз. Электросамокат пайдаланушыларымен түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Қажет болған жағдайда заңда көзделген шараларды қолданамыз, – деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар