Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонды Тәжікстанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды arainfo.kz

– Елдеріміз ғасырлардан тамыр тартатын дәстүрлі достық пен өзара қолдауға, халықтарымыздың түпкі мүддесіне арқа сүйеп, шын мәнінде, стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде қарым-қатынас құра алды. Бірлесіп екіжақты, сондай-ақ аймақтық, халықаралық ынтымақтастық деңгейінде қазақ-тәжік ықпалдастығының әлеуетін таныта беретінімізге сенімім мол, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар