
Жолдауда цифрландыру жүйесін дамыту, елге инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы олқылықтар – барлығы Президент назарынан тыс қалмады.
Сондай-ақ Президент Жолдауында жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау қажеттігін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының «Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдаукөрсетіледі» деген сөзі – жас буын үшін зормүмкіндік пен үлкен сенімнің белгісі.
Бұл – тек жаңа жұмыс орындарын ашу немесе экономикалық пайда әкелу емес, бұл – жастарды дербес ойлауға, тәуекелшіл болуға, өз арманынжүзеге асыруға шақыру. Кәсіп ашуға ұмтылған әрбір жас – ел дамуының тірегі, қоғамға жаңасерпін беретін қозғаушы күш. Бүгінде мемлекеттарапынан түрлі гранттар, жеңілдетілген несиелер, оқыту және тәлімгерлік бағдарламаларқарастырылған. Бұл қолдау – жастардың өз ісін ашып қана қоймай, оны табысты жүргізуіне жол ашады. Әсіресе ауыл-аймақтағы, шағын қалалардағы жас кәсіпкерлер үшін бұл үлкен мүмкіндік.
Бүгінгі күні Тараз қаласының өзінде көптеген жас бизнеске қадам басып, қоғамға пайдалы жобаларды іске асырып жүр. Бірі экологиялық таза өнім өндіруді қолға алса, бірі білім беру орталықтарын ашып, балалардың дамуына үлесқосуда. Осындай мысалдар жастардың әлеуеті зор екенін көрсетеді.
Қуат ОШАҚБАЙ,
Жамбыл ауданы әкімдігінің
дене шынықтыру және
спорт бөлімінің басшысы