
Біз Президенттің бас құжатынан жыл сайын жаңа бір ізгіліктер мен бағалы шешімдер күтеміз. Бұл жолы да Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа ең қажетті, елдің ойында жүрген мәселелерді дөп басып айтты.
Президент цифрландыру жұмысын дамытуға, жасанды интелектінің мүмкіндігін пайдалану көлемін кеңейтуге аса басымдық берді. Әлемнің дамуына ілесу өзекті екенін кең көлемде, тереңдетіп жеткізді. Руханият пен мәдениет салаларына да көңіл бөлу жалғаса береді. Аталған саладағы құжаттарды цифрландыру кезек күттірмейді. Алдағы үш жылда елміз цифрландыру жобасына толық көшуге тиіс екеніне екпін берді. Бұл цифрландыру біз тер төгіп жүрген мәдениет саласын да айналып өтпейді. Мәдениет саласында да құжаттардыцифрландыру қажет. Президент түсіндіргендей, цифрлық дамусыз алға жүрер жол жоқ. Мемлекет ретінде алға басамыз десек цифрландыруға көшу аса өзекті. Бұл талап қазіргі білімді жастар үшін қиынға соқпайды. Жастар әлеуметтік желінің құпиясына терең бойлап, қандай талабы болса да біліп алатын қабілетке ие. Президент қойған талаптармен келісемін. Қазір құлаш-құлаш қағаз арқалап жүретін кезең емес, цифрландыру арқылы қағазбастылықты бірнеше есе жеңілдетуге болады. Цифрландыру талабы арқылы әділетті қоғамның әділдігін танып білуге мүмкіндік бар.
Президент Жолдауы аса ауқымды, айтулы мәселелерді қоғады. Рухани мәдение саласының өрге басуына көңіл аударды. Жолдау біздің күнделікті жұмысымызға соны серпін береді.
Асылхан Шүңіреков,
«Тараз» триосының жетекшісі,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері