Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Президент: «Қазақстан міндетті түрде цифрлық ел болуы керек»

Президент: «Қазақстан міндетті түрде цифрлық ел болуы керек»
Ақорда
Президент еліміздің даму бағытын айқындай отырып, Қазақстанның міндетті түрде цифрлық мемлекетке айналуы қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет басшысы әлем жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект дәуіріне қадам басқанын атап өтіп:

«Қоғамды жаңғырту үшін батыл қадамдар қажет. Егер артта қалсақ, салдары ауыр болады. Сондықтан Қазақстан үш жыл ішінде жаппай цифрлық ел болуы тиіс», – деді.

Президенттің айтуынша, соңғы жылдары елде ауқымды саяси және экономикалық реформалар жүзеге асырылып, халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімі артқан. Дегенмен, әлі де үлкен міндеттер күтіп тұр.

Қазіргі таңда инфрақұрылымға инвестициялар тартылып, жаңа өндіріс орындары ашылып жатыр. Бұл шаралар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ, Президент жасанды интеллектінің қарқынды дамуы жастардың мінез-құлқына, қоғамның өмір салтына тікелей ықпал етіп отырғанын атап өтті. Сондықтан Қазақстан бұл өзгерістерге дайын болып, уақыт талабына сай әрекет етуі тиіс.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар