
Мемлекет басшысы Жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырды, деп хабарлайды arainfo.kz
8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында елімізде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет екенін мәлімдеді.
«Қолданыстағы салалық министрліктің базасында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру керек. Оны вице-премьер деңгейіндегі маман басқаруға тиіс», – деді Президент.