Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Халықаралық іздеуде жүрген алаяқ қазақстандық елге жеткізілді

Халықаралық іздеуде жүрген алаяқ қазақстандық елге жеткізілді
Қазақстан Бас прокуратурасы
Түркиядан ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп күдіктелген қазақстандық экстрадицияланды, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігінің және Түркияның құзыретті органдарының көмегімен бірнеше рет алаяқтық жасады деп күдікке ілінген Қазақстан азаматын елге қайтарды.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2023 жылы Шымкент қаласында сыбайластарының көмегімен интернетте арзан бағамен автокөлік сатылады деген жалған хабарландырулар жариялаған. Соның салдарынан 52 жәбірленуші жалпы 70 млн теңгеден астам қаржысынан айырылған.

Қылмысқа қатысқандардың біразы бұрын сотталған. Ал басты күдікті жасырынғандықтан халықаралық іздеуге беріліп, биыл тамыз айында Түркияда ұсталды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бас прокуратура мен құқық қорғау органдары азаматтардың құқықтарын қорғау және шетелге қашқан қылмыскерлерді де жауапкершілікке тарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар