Жаңалықтар
Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адам қамауға алынды
- author AR-AY
- Бүгін, 09:46
- 26

Облыстық Полиция департаменті өкілі осы жайтқа пікір білдірді, деп хабарлайды arainfo.kz
Әлеуметтік желіде әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамның видеосы тарады. Оқиғаға қатысты Түркістан облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, олардың нәтижесі бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етілмейді», — деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.