Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Педагог-сарапшыларды іріктеудің жаңа кезеңі басталды

Педагог-сарапшыларды іріктеудің жаңа кезеңі басталды
istockphoto.com
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы оқулықтарды сараптау үшін педагог-сарапшыларды іріктеудің жаңа кезеңін бастады, деп хабарлайды arainfo.kz

Барлық рәсімдер E-EXPERT.GOV.KZ платформасында онлайн форматта өтеді. Бұл үміткерлерге еліміздің кез келген өңірінен тең мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта орталық базасында жаңа формат бойынша оқыту мен байқау кезеңдерін сәтті аяқтаған 400-ден астам сарапшы тіркелген.

E-EXPERT.GOV.KZ жүйесі құжаттарды қабылдау, тестілеу, әңгімелесу, эссе жазу, модульдік оқыту және қорытынды сертификаттауға дейінгі негізгі үдерістерді автоматтандырды.

«Платформаны енгізу — іріктеуді барынша ашық әрі ыңғайлы етті. Қазір біз педагогтерді сапалы іріктеуді қамтамасыз етіп, сарапшылар қауымдастығын тиімді қалыптастырып отырмыз», — деді орталық директоры Назира Абдрахманова.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар