Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Дабыл дамыл таптырмайды

Дабыл дамыл таптырмайды
Автор
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігін күшейтіп, қызметкерлердің кәсіби дайындығын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастырып келеді. Алдын алу шараларынан бастап оқу-жаттығуларға дейінгі әрбір бастама өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

Жақында Қордай ауданында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында өртке қарсы бекеттерді жаңғырту жұмыстары басталды.

Жалпы бағдарламаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендерде өртке қарсы инфрақұрылымды дамыту мен нығайту. Баянды бағдарлама аясында Қордай ауданының Сортөбе ауылындағы ерікті өрт сөндіру бекеті толық жаңартудан өтті. Жаңғырту барысында материалдық-техникалық база күшейтіліп, ғимарат жөндеуден өткізілді, қызметкерлердің жұмысына қолайлы жағдай жасалды. Сондай-ақ өрт сөндіру техникасы мен жабдықтары жаңартылды.

Бұл жаңалық ауыл тұрғындары үшін айрықша маңызға ие. Елді мекенде дайын әрі толық жабдықталған өрт сөндіру бекетінің болуы қауіпсіздіктің, дер кезінде көрсетілетін көмектің және төтенше жағдайдан қорғанудың кепілі саналады. Жаңартылған бекет ауыл құтқарушыларының жұмысын тиімдірек етіп, азаматтық қорғау жүйесін күшейте түспек.

«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы – ауылдық жерлердің қауіпсіз әрі тұрақты дамуына бағытталған маңызды бастама. Жаңғырту жұмыстары ауданның басқа да елді мекендерінде жалғасып, алдағы уақытта барлық тұрғындарға сенімді өртке қарсы қорғаныс жүйесін қалыптастыруға жол ашады.

Арнайы бөлімшелердің жағдайын жүйелі тексеру де маңызды бағыт саналады. Осы ретте Тараз қаласындағы №2 өрт сөндіру бөлімінде жеке құрамның дайындығы, өрт сөндіру және құтқару техникаларының жарамдылығы қаралды. Тексеру кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына және күнделікті міндеттердің орындалу сапасына ерекше көңіл бөлінді. Жеке құрам теориялық білімдерін де, тәжірибелік дағдыларын да көрсетті.

Кешенді оқу-жаттығуларды ұйымдастыру да үлкен маңызға ие. Мұндай шараларда әртүрлі бөлімшелердің қызметкерлері өз іс-әрекеттерін пысықтайды. Практикалық сабақтар тактикалық-арнайы жаттығуларды, жедел штабтың жұмысын және құтқару қызметтерінің өзара іс-қимылын қамтыды. Жаттығулар мамандардың үйлесімді, жылдам әрі тиімді әрекетке дайын екенін көрсетті.

Сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыруға да көңіл бөлінуде. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде «Газ түтіннен қорғаушы» санаты бойынша қайта даярлау курсына Шымкент қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқу орталығына жіберілген қызметкерлерге нұсқаулық өткізілді.

Курсанттарға «Газ түтіннен қорғаушы» мамандығы физикалық және психологиялық төзімділікті ғана емес, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексін орындауды талап ететіні ескертілді. Мұндай нұсқаулықтар тәртіпті нығайтуға және қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

– Сондай-ақ жақында Тараз қаласындағы №1 өрт сөндіру бөлімінде кәсіби шеберлікті шыңдау мақсатында нормативтік сабақтар өтті. Жеке құрам тыныс алу органдарын қорғау аппараттарын қолданып, ауа жарамсыз ортада жаттығу жасады, автосаты арқылы түтінге толған ғимаратқа су беру тәсілін пысықтады. Жаттығулар төтенше жағдайларға барынша жақын ортада өткізіліп, қызметкерлердің дайындығын жан-жақты бағалауға және кемшіліктерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Сол секілді 18-25 тамыз аралығында облыста 16 төтенше жағдай оқиғасы тіркелген. Оның біреуі табиғи, 15-і техногендік сипатта. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері 188 рет шақыртумен шықты. Оның ішінде өртке қарсы қызмет 151 рет әрекет етіп, 16 өрт пен 129 жану оқиғасына ден қойды, 3 рет авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде бір адам құтқарылды. Оперативті-құтқару жасағы 37 рет дабыл бойынша шығып, барлығы авариялық-құтқару іс-шараларымен байланысты болды.

Сол секілді 18-25 тамыз аралығында «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан 8 дауылды ескерту келіп түскен. Ескертулерге сәйкес байланыс операторларына халықты хабардар ету үшін 10 хабарлама жолданды. «101» және «112» нөмірлеріне 8 192 қоңырау қабылданды, оның 2 248-і шұғыл сипатта болды, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Карина Карташова.

Халықтың хабардарлығын арттыру және «112» бірыңғай шұғыл шақыру нөмірін есте сақтауды жеңілдету мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің барлық бөлімшелерінде бірыңғай белгілер орнатылыпты.

Өрт сөндіру бөлімдерінің ғимараттары мен қасбеттеріне ірі әрі анық көрінетін «112» жазулары орналастырылыпты. Бұл тұрғындардың төтенше жағдайда хабарласу нөмірін есте сақтауына қолайлы. Бірыңғай үлгіде жасалған жазулар қызметтің тұтас бейнесін қалыптастырады және халықтың ақпараттылығын арттырады. Мұның бәрі жедел әрекет етуге оң ықпал етеді.

Төтенше жағдай туындаған кезде әрбір тұрғын дер кезінде қоңырау шалу арқылы адам өмірін құтқара алатынын ұмытпауы тиіс. Өрт, апат немесе басқа да қауіптің алғашқы белгілері байқалғанда дереу «101» немесе «112» нөміріне хабарласу қажет. Операторлар хабарды қабылдап, оқиға орнына тиісті бөлімшелерді жөнелтеді және құтқарушылар жеткенге дейінгі әрекеттерді үйлестіреді.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау, ескертулерге мұқият қарау және шұғыл қызметтерге дер кезінде хабар беру әрбір азаматтың өңір қауіпсіздігіне қосқан үлесі саналады. Бірлескен күш-жігер ғана төтенше жағдайлардың зардаптарын азайтып, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар