Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Балаларды оңалту – ортақ іс

Балаларды оңалту – ортақ іс
Автор
Мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу ерекше шыдамдылық пен кәсібилікті қажет ететін күрделі де маңызды сала. Мұндай балалардың өмірге бейімделуі мен қоғаммен үйлесімді араласуы тікелей орталықтағы мамандардың жұмысына байланысты. Әр маманның қызметі баланың денсаулығын, білімін, мінез-құлқын және әлеуметтік дағдыларын дамытуда маңызды рөл атқарады.

Көңілі жарым балалардың өмір сүру сапасын жақсарту, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу және мүмкіндіктерін арттыру мақсатында елімізде арнайы оңалту орталықтары жұмыс істейді. Бұл орталықтардың негізгі күші – білікті мамандар. Әр маманның өзіне тән міндеттері мен балаға тигізетін ерекше ықпалы зор.

Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында балалармен жұмыс істейтін мамандар әр баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оңалту мен бейімдеу бағытында кешенді қызмет атқарады. Бұл орталық 2015 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Он жыл ішінде 217 балаға орталықта қызмет көрсетілді, оның ішінде 15-і өз аяғымен жүру қабілетіне ие болса, 13 бала мектепке барып, оңалып, оң нәтиже көрсетті.

Қазіргі таңда орталықта 30 балаға қызмет көрсетіледі. 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар орталық қызметіне жүгінген. Орталыққа қабылданатын балалардың негізгі санаттары жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар балалар. Орталықта тәрбиешілер, емдік денешынықтыру мамандары, массажист, еңбек пән мұғалімі, медбике, дефектолог денешынықтыру мамандары қызмет атқарады.

Әрқайсысы өз саласында тер төгіп, баланың болашағы үшін аянбай еңбек етеді. Балының жағдайын жасап, қамқорлық таныту – үлкен жүректі, ерекше жанашырлықты талап ететін мамандық. Бала жүрегіне жол табу, оны сенім мен махаббатқа бөлеп, өмірге бейімдеу әрбір маманның басты мақсаты. Олар ерекше қажеттілігі бар баланың жарқырап өмір сүруіне себепкер болатын шын мәніндегі жанашыр жандар. Әр баланың өміріндегі оң өзгеріс осы мамандардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Бүгінгі қамқорлық – балалардың ертеңгі сенімді қадамы.

 

Нəзік ЖАМАНҚҰЛОВА,

Қордай аудандық мүгедек балаларды

оңалту жəне бейімдеу орталығының

əдіскері

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Әскерден – аудиторияға
Алдыңғы мақала
Әскерден – аудиторияға

Ұқсас жаңалықтар