Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Облыстан 8 елге 1,6 мың тоннадан астам ет экспортталды

Облыстан 8 елге 1,6 мың тоннадан астам ет экспортталды
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшенов хабарлады. Өңірдегі жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 40 пайыздан астамы мал шаруашылығының үлесіне тиесілі.

2025 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өңірде тірідей салмақта 64,8 мың тонна ет өндірілді. 

Жыл басынан бері 1 615,2 тонна ет және 340 тонна шұжық өнімдері экспортталды. Оның ішінде сиыр еті  661,2, қой еті  953,7, жылқы еті  0,2, құс еті  1302,2 тоннаны құрайды. 

Өнімдер Қырғызстан, Қатар, Кувейт, БАӘ, Ресей, Сауд Арабиясы, Иран және Германия елдерінің нарығына жөнелтілді. 

Өңірде мал шаруашылығын дамытуға тұрақты түрде көңіл бөлінуде. Сыйымдылығы 1 000 бастан жоғары 9 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді.

Қуаттылығы тәулігіне 300 бас ұсақ малды және 50 бас ірі  қара малды сойып, өңдейтін 2 ет өңдеу кәсіпорыны бар. 

225 жылдың 7 айында 130,8 мың тонна сүт өндірілді. 

«Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларға жеңілдетілген несие беру» бағдарламасын іске асыруға 2024 жылы республикалық бюджеттен 8 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат есебінен 15 инвестициялық жоба қаржыландырылды. Оның ішінде 4 жоба – сүт тауарлы фермасын салуға бағытталған.

Облыста құс еті өндірісі де қарқынды дамуда. «Әулие-ата Феникс» ЖШС құс фабрикасының қуаттылығы 12 мың тоннаға, «Алель Агро» ЖШС-ның жылдық қуаттылығы 14 мың тоннаға дейін жеткізілді.

Жыл соңына дейін аталған фабрикаларда құс еті өндірісі 26 мың тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға артады деп күтілуде.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар