Қазақстаннан Қытайға 156 тонна күнбағыс майы жөнелтілді
- author AR-AY
- 4 қыркүйек, 2025
- 384

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, жүк Нантонг қаласына 40 футтық контейнерлерге орнатылған флекстанк арқылы жеткізілуде. Тасымалдау «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығының қатысуымен ұйымдастырылды.
Жүк жөнелтуші – қауымдастық құрамындағы Altyn Shyghys май зауыты. Маршрут Қазақстан мен Қытай арасындағы негізгі дәліздердің бірі саналатын Достық – Алашанькоу шекара өткелі арқылы өтеді.
Флекстанк – сұйық өнімдерге арналған арнайы икемді резервуар. Ол логистиканы жеңілдетіп, шығындарды азайтып, жүктің өңделу уақытын қысқартады.
Бұл жөнелту – 2025 жылғы маусымда Чжэнчжоуда өткен сараптамалық отырыстан кейін «ҚТЖ» мен «КЖД» компаниялары келіскен пилоттық жобаның бөлігі. Жоба ITC, QazTrade, салалық министрліктер және өзге серіктестермен бірлесе әзірленген 2026–2028 жылдарға арналған май-тоң май өнімдері экспортының жол картасына енгізілген.
Басты мақсат – 2028 жылға дейін экспорттан 1 млрд АҚШ долларынан астам табысқа қол жеткізу. Контейнерлік тасымалдар Қытайдан бөлек Таяу Шығыс (БАӘ, Катар, Кувейт, Сауд Арабиясы) және Оңтүстік Кавказ (Әзербайжан, Армения) нарықтарына шығуға жол ашады.