Орташа республикалық көрсеткіш 2,5 пунктке артып, 2023 жылғы 56,1 баллдан 58,6 баллға жетті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Орташа деңгейден жоғары нәтиже көрсеткен сегіз өңірдің ішінде көш басында Ақтөбе облысы тұр — 64,6 балл (өткен жылмен салыстырғанда +5,6). Павлодар облысы да жоғары деңгейін сақтап қалды — 63,3 балл. Елеулі өсім Алматы қаласында (+6,9) және Қостанай облысында (+6,4) байқалды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022 жылдан бастап Қазақстанда Балалардың әл-ауқат индексі енгізілді. Бұл көрсеткіш өңірлер арасындағы нәтижелерді, халықаралық деңгейдегі индикаторларды салыстыруға мүмкіндік береді әрі қоғам назарын балалық шақ мәселелеріне аударуға бағытталған», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.
Индекс төрт негізгі бағыттағы 56 көрсеткіштен тұрады: «Бала», «Отбасы және қоғам», «Мемлекеттік саясат» және «Елдің әл-ауқаты». Ол 35 статистикалық және 21 сауалнамалық дерекке негізделген. Көрсеткіштер бала денсаулығы мен дамуын, отбасылық және әлеуметтік ортаны, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, экология және инфрақұрылым салаларындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін қамтиды.
Қазақстаннан Қытайға 156 тонна күнбағыс майы жөнелтілді
Ұқсас жаңалықтар
Нұрайдың өліміне күдікті атақты блогерлердің туысы болып шықты
- авторAR-AY
- 17 қаңтар, 2026




