Жол саласындағы жобалар «Цифрлық теңге» арқылы жүзеге асады
- author AR-AY
- 27 тамыз, 2025
- 1

Оның айтуынша, теміржолдағы ірі жобаларды жүзеге асыру цифрлық теңгеге ауыстырылған әрі мұндағы қаржыландырудың бүкіл процесін Ұлттық банк реттейді. Сондықтан да бұл қаражатты нақты мақсатына сәйкес жұмсауға мүмкіндік береді.
– Автожолдарға келетін болсақ, біз Павлодар мен Атырауда екі жоба бойынша осындай пилоттық жобаны бастадық. Қазірдің өзінде баға айырмашылығын сезініп отырмыз. Біз автожолдар бойынша барлық жобаларды цифрлық теңге арқылы жүзеге асыратын боламыз. Осындай бақылаудың арқасында ақша мақсатсыз жұмсалмайтын болады, – деп атап өтті министр.
Сондай-ақ, ол осы жүйенің арқасында қаражатты аударудың барлық процесі ашық және бақылау оңай болатынын түсіндірді. Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп мұның бәрі қатаң бақыланады.
– «Цифрлық теңге» дегеніміз, бұл – үлкен бағдарлама. Премьер-министр тиісті жиын өткізіп, тапсырма берді. Пилоттық бағдарлама іске қосылды. Жол картасы бойынша мерзімдер белгіленді. Біз құрылыс жұмыстары цифрлық теңге арқылы жүзеге асырылуы тиіс деген шарт қоямыз. Бұл басқа жерге ақы төлеуге мүмкіндік бермейтін жүз пайыз ашықтықты қамтамасыз етеді», – деді Н.Сауранбаев.
Айта кетейік, бүгінде елімізде тасымал және инфрақұрылым саласындағы стартаптар дамып келеді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевдің хабарлауынша, бұл стартаптар арқылы жүктерді бақылау сервистері, келісімшарт жұмыстарын басқару жүйелері, тасымалдарды автоматтандыру және вагон паркін басқару платформалары жасап шығарылуда.